×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Белгілі уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына ұшырады

Бүгін, 18:01
Белгілі уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына ұшырады
Ulysmedia коллажы

Танымал уағызшы Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жол апатына ұшырады. Бұл жайында әлеуметтік желі қолданушысы Mega Kz Facebook-тегі парақшасында хабарлап, апатқа ұшыраған көліктің суретін де жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

– Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы ұстаз жол-көлік апатына ұшырапты. Алла тағала тезірек сауығып кетуін нәсіп етсін. Дұғада болайық, – деп жазды ол.

ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ

Исламтанушы Елдос Жұмаділдә Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы жағдайы туралы Telegram-дағы парақшасында жазды.

– Жаңа ғана Нұрсұлтан ұстаздан шықтық. Барлығы жақсы. Әрине, апат болғандықтан жарақаттар бар, бірақ уайымдайтын ештеңе жоқ. Уайымдаған баршаңыздан Алла разы болсын, – деп жазды ол.

АНЫҚТАМА

Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы — еліміздегі танымал уағызшы. Ол ислам дінін насихаттап, халық арасында шариғат, отбасылық тәрбие, рухани тәрбие секілді тақырыптардағы уағыздарымен танылған.

Әлеуметтік желілерде де белсенді, оның Instagrma-дағы парақшасында 1 миллионға жуық оқырманы бар.

Серіктес жаңалықтары