×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Сирияда Асад режимі құлағалы алғаш рет сайлау өтпек

Бүгін, 10:30
Сирияда Асад режимі құлағалы алғаш рет сайлау өтпек
Фото: Reuters

Сирияда Башар Асад режимі құлағалы бері алғаш рет парламент сайлауы өтетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қыркүйектің 15-і мен 20-ы аралығында Сирияда Халық кеңесіне «Аш Шааб мәжілісіне) кезектен тыс сайлау өтеді. Бұл жөнінде 27 шілдеде жергілікті Sana ақпарат агенттігі сайлау комиссиясына сілтеп хабарлады.

Бір күн бұрын сайлау комиссиясының төрағасы Мохаммад Таха әл-Ахмад өтпелі кезең президенті Ахмед аш-Шарааға сайлауды өткізу жоспарын таныстырған. Әл-Ахмадтың сөзінше, президент қол қойғаннан кейінгі үш аптада ел бойынша сайлау комиссиясы органдары құрылады. Осыдан кейін кандидаттар құжаттарын ұсынады және дебаттар өткізе алады.

ЖАРТЫЛАЙ ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ПАРЛАМЕНТ

Жоспар бойынша, Сирия Халық кеңесіне 210 депутат болады. 70 депутатты президент тағайындайды. Өтпелі кезеңде парламент жаңа заң жобасын қабылдауға және Сирияда конституцияның тұрақты жұмыс істеуіне жауапты болады.

Наурызда Ахмед аш-Шараа конституциялық декларацияға қол қойған. Ол бойынша, өтпелі кезең парламенті үш жылға сайланады. Халық кеңесінің мемлекет басшысын орнынан алып тастауға немесіне қызметін шектеуге құқығы бар. Бірақ бастапқы кезеңде билікті президент жекедара жүргізуге құқылы.

АСАДТЫҢ САЙЛАУЫ

Башар Асад билікте болған кезде парламент сайлауларында президентке жақын «Баас» партиясы жеңіске жететін. Ол ылғи да парламенттегі басымдыққа ие болатын. Оппозиция мен халықаралық бақылаушылар сайлауда заң бұзушылықтар мен дауыс ұрлау болғанын жиі айтатын.

Серіктес жаңалықтары