×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Айыпталушы Ернар Жиенбай қысым көріп жатқанын айтты

Бүгін, 11:30
Айыпталушы Ернар Жиенбай қысым көріп жатқанын айтты
Ашық дереккөзден

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан күдікті Ернар Жиенбай сотта қысым көріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бүгін Шымкент қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. 

Сотта Жиенбай басымда қысым көріп жатқанын айтады. Төменде сот барысындағы диалогты ұсынамыз. 

Ернар: "Маған тергеуде қысым жасалды. Бір реттік кездесу болады екен. Соған анам мен әйеліме кездесу жасауларыңызды сұраймын"

Судья: "Сізге қандай қысым жасалды? Тергеу, прокурор тарапынан қысым жасалса, біз оған тексеру тағайындаймыз"

Әкесі: "Қысым жоқ. Тыныш отыр". Ернар : "Қысым жоқ". 

Айта кетейік, Берденовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ. 

ЖИЕНБАЙҒА ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Еске сала кетейік, Ернар Жиенбай ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») және 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша айыпталуда.

СҰХБАТ

Айта кетейік, Руслан Берденов бұған дейін Ulysmedia.kz порталына эксклюзивті сұхбат беріп, өзінің мемлекеттік қызметтегі жолы мен саяси амбициясы туралы ашық айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары