Ресейдің «Аэрофлот» әуе компаниясы хакерлік шабуылдан кейін ондаған рейсін тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
«Аэрофлот» компанияның ақпараттық жүйесіндегі ақауларға байланысты қықықтан астам рейсін тоқтатты. Тоқтаған рейстер арасында Мәскеуден Астана, Ереван, Минске ұшуы тиіс рейтер де бар. Бұған қоса компания Ресейдің өз ішіндегі Санкт-Петербург, Калининград, Сочи бағытындағы бірқатар рейстерді тоқтатқан.
«Аэрофлот» жолаушыларға жүктерін алып, Мәскеудің Шереметьево әуе жайынан кетуді ұсынды. Жолаушылар ақшаларын қайтара алады немесе билеттерді басқа күнге ауыстыра алады. Бірақ билеттерді басқа уақытқа ауыстыру уақытша тоқтатылған.
БАС ПРОКУРАТУРА ШАБУЫЛДЫ РАСТАДЫ
Рейстердің тоқтауына хакерлік шабуыл себеп болған. Оны Ресейдің Бас прокуратурасы да растады. Компьютерлік ақпаратты заңсыз алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
ХАКЕРЛЕР ТОБЫ
Хакерлік шабуылды «Silent Crow» тобы мен «BY киберпартизан» бірлестігі мойнына алды. Олар бір жыл бойы компанияның деректер базасына иелік еткенін, ұшу бағыттарына қатысты ақпараттарды жүктеп алғандарын мәлімдеді.