×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Қостанайда әкімдіктің рұқсатынсыз Ресей мерекесі тойланған

Бүгін, 18:30
Қостанайда әкімдіктің рұқсатынсыз Ресей мерекесі тойланған
Скриншот

Қостанайда Ресей әскери-теңіз күштері күні атап өтілген. Бұл туралы Саида есімді қолданушы Threads-парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

«Қостанай қаласындағы қала орталығындағы жағалауда 27-і күні денелеріне жолақ көйлек киген адамдар Ресейдің әскери-теңіз флотының күнін тойлады», — деп жазды ол.

«Тіл кеспек жоқ» телеграм арнасының жазуынша,  Қостанай қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков бұл ақпаратты растаған.

«Мәдени іс-шара ұйымдастыру бойынша әкімдікке арыз түспеген. Ұйымдастырушылар қалалық әкімдікпен алдын ала келіспеген», — деді ол.

ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ

Оның сөзіне қарағанда, ұйымдастырушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Олар әкімшілік жазаға тартылады.

«Мәдени іс-шараны өткізуді келіспегендіктен ұйымдастырушы әкімшілік жазаға тартылатын болады. Ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік», — деді ол.

Серіктес жаңалықтары