×
541.45
631.17
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.45
631.17
6.78

"Балаларды тамақтандыруымыз керек" - Трамп Газадағы аш балалар туралы

Бүгін, 09:11
"Балаларды тамақтандыруымыз керек" - Трамп Газадағы аш балалар туралы
Фото: The NYT

АҚШ Президенті Дональд Трамп кеше Газа секторындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап, бұл аумақта «нағыз аштық» орын алып жатқанын айтты. Ол Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың «Газада азық-түлік жеткілікті» деген сөзімен келіспеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Бұл – шын аштық, мен мұны көріп отырмын. Мұны қолдан жасап шығару мүмкін емес. Балаларды тойдыруымыз керек, – деді Трамп Шотландияда Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен бірге журналистерге берген сұхбатында.

Трамп қазіргі гуманитарлық көмекті тарату жүйесін тиімсіз деп сынға алып, азық-түлік тарататын жаңа орталықтар ашу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, бұл бағытта Ұлыбритания тарапынан қолдау болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктері мен халықаралық сарапшылар, дәрігерлер Газада бірнеше ай бойы гуманитарлық көмекке шектеу қойылған соң, аштықтың кең етек жайып жатқанын хабарлайды. Бұған дейін Трамп Газаға көмек көрсетуге қатысты сақтық танытып, жағдай үшін негізінен ХАМАС ұйымын айыптап келген еді. Жексенбі күні ол: «Газа – АҚШ-тың емес, халықаралық қауымдастықтың мәселесі» деп мәлімдеген болатын.

ГАЗАДАҒЫ АШТЫҚ

Айта кетейік, Газа секторында аштықтан балалар қаза табуда. Соғыс басталғалы бері аштықтан көз жұмғандар саны 101 адамға жеткен, оның 80-і – балалар.

Серіктес жаңалықтары