×
542.03
627.29
6.66
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.03
627.29
6.66

Марат Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды

Бүгін, 08:27
Марат Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды
Фото: Facebook

Әлемдік деңгейдегі ультрамарафоншы, Гиннестің жеті дүркін рекордшысы Марат Жыланбаевтың түрмедегі суреттері жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

29 шілдеде Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сарапшылар кеңесінің хатшысы Шер Раиса әлеуметтік желілерде Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты тараған ақпараттарға байланысты Степногор қаласындағы ІІМ ҚАЖК-нің №4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушымен кездесті.

Кездесуге Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері де қатысты.

- «Жүз рет естігенше, бір рет көр» дегендей, Жыланбаевтың жағдайын көзбен көру үшін бардық, - деді Шер Раиса.

ЖЫЛАНБАЕВТЫҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ

Кездесу барысында Шер Раиса сапар мақсатын түсіндіріп, оның денсаулығына қатысты қоғамда туындаған алаңдаушылық пен салмағының 45 келіге дейін төмендегені жөнінде сөз қозғаған. Марат Жыланбаев бұл мәліметке таңырқап, «мұндай жалған ақпаратты кім және не мақсатпен таратқанын білмеймін» деген.

- «Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Денсаулығыма қатысты ешқандай шағымым жоқ. Спортпен айналысамын, оның ішінде сүйікті ісім - жүгірумен шұғылданамын. Кітапханаға барып, әдебиет оқимын», - деген ол.


Фото: Facebook

АШТЫҚ ТУРАЛЫ

Әңгіме барысында Жыланбаев мезгіл-мезгіл аштық ұстайтынын айтқан. Оның пікірінше, бұл ағзасын шынықтырудың бір тәсілі. Қазір де аштық ұстап отыр, бірақ өзін бақылауда ұстап, су, компот, шай және кофе ішу арқылы жағдайын реттеп отырғанын жеткізген.

Сонымен қатар, ол мекеме қызметкерлері немесе басқа сотталғандар тарапынан қысым, азаптау немесе моральдық күш көрсету әрекеттері болмағанын мәлімдеген. Ұялы таксофон арқылы жақындарымен сөйлесуіне, ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерге, сәлемдемелер мен әдебиет алуға толық мүмкіндік бар.

ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, қазіргі таңда Жыланбаевтың өміріне тікелей қауіп жоқ, жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Соған қарамастан, Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасына оның денсаулығына күнделікті бақылау жүргізу ұсынылған.

Сондай-ақ, ұлттық құқық қорғау орталығының өкілі Жыланбаевқа жаңадан құрылған кассациялық инстанцияда үкімге шағым түсіру тәртібі туралы заңнамадағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмысын жүргізген.

ТҮРМЕДЕ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Марат Жыланбаев жазасын өтеп жатқан мекеме адам құқықтарын қорғау ұйымдарының тұрақты бақылауында. 2024 жылы мекемеге Қоғамдық бақылау комиссиясы мен Уәкіл өкілдері алты рет барып, тексеру жүргізген. Ал 2025 жылы екі рет барып-қарау тіркелген.

Кездесу соңында Жыланбаев Марат Жыланбаев Шер Раиса арқылы ұлы Рустамға және барлық туыстарына сәлем жолдап:

- «Мен өзімді жақсы сезінемін, медициналық көмекті қажет етпеймін. Алаңдамаңыздар. Жалған ақпаратқа сенбеңіздер», - деп өтініш білдірген.

Шер Раиса өз жазбасында қоғамды жауапкершілікке шақырып, жалған ақпарат тарату тек жақындарына алаңдаушылық тудыратын мәселе ғана емес, сонымен қатар заң бұзушылық екенін еске салды.

- Кез келген жалған ақпарат азаматтардың тыныштығын бұзып, құқықтық жауапкершілікке алып келеді, - деді ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Марат Жыланбаевтың түрмеде ауыр хәлде екені туралы мәлімет тараған еді. Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жыланбаевтың денсаулығы туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Артынша Жыланбаевтың ұлы әкесінің ісін қайта қарап, жазасын жеңілдетуді талап етті. Сонымен қатар, Жыланбаевқа араша сұраған Бақытжан Төреғожинаның үстінен іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары