Қазақстан әлемдегі қайырымдылық рейтингінде 30-орында тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӘЛЕМДІК ҮРДІС
Жаһандық зерттеуге сәйкес, жер шарындағы адамдардың орта есеппен 64%-ы қайырымдылықпен айналысады. Бұл қатарға ақшалай көмек көрсету, діни ұйымдарды қолдау және көмекке мұқтаж жандарға тікелей жәрдемдесу секілді әрекеттер кіреді.
Континенттер бойынша қайырымдылықпен айналысатын халық үлесі былайша бөлінеді:
Африка — 72%
Азия — 69%
Еуропа — 59%
Солтүстік Америка — 56%
ЕҢ ЖОМАРТ ЕЛ
Зерттеуге сәйкес, табысының ең көп бөлігін қайырымдылыққа жұмсайтын мемлекет — Нигерия. Бұл елдің тұрғындары орта есеппен табысының 2,83 пайызын игі іске арнайды.
Ал рейтингтің ең төменгі сатысында Жапония тұр. Экономикасы дамыған бұл мемлекетте қайырымдылыққа бөлінетін табыс көлемі небәрі 0,16%. Бұл — дамыған елдер арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.
ҚАЗАҚСТАН КӨРСЕТКІШІ
Қазақстан бұл тізімде 30-орынға жайғасып, бірқатар көршілес және ТМД елдерін басып озған. Қазақстан азаматтары табысының орта есеппен 1,21 пайызын қайырымдылыққа жұмсайды.
Салыстыру үшін басқа елдердегі көрсеткіштер:
35-орын: Молдова — 1,12%
44-орын: Украина — 0,98%
64-орын: Әзербайжан — 0,75%
75-орын: Ресей — 0,66%
76-орын: Литва — 0,65%
89-орын: Эстония — 0,51%
91-орын: Латвия — 0,48%
Зерттеу нәтижелері елдердегі азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілік деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.