×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Сарапшы әзербайжандық ұшақтың апатқа ұшырауын Ресейдің мойнына ілді

30.07.2025, 12:41
Сарапшы әзербайжандық ұшақтың апатқа ұшырауын Ресейдің мойнына ілді
Ulysmedia.kz коллажы

Ресейлік саясаттанушы Сергей Марков Ақтаудағы ұшақ апаты Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленістің басты себебі болды деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Саясаттанушының пікірінше, трагедия үшін жауапкершілік толықтай Ресейге жүктеледі.

– Ресей мен Әзербайжан арасындағы жағдайдың басты себебі сол ұшақ. Біз бұл ұшақты атып түсірдік, бұл анық нәрсе. Мұны жасаған біз екеніміз белгілі. Әзербайжан да Ресей билігінің бұдан хабардар екенін жақсы біледі, – деді Марков.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, былтыр 25 желтоқсанда Ақтау ма­ңында Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) бет ал­ған әзербайжандық AZAL әуе компания­сының Embraer 190 жолаушылар ұшағы құлап, борттағы 67 адамның 29-і аман қалып, 38-і қаза тапты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жуырда AZAL әуе компаниясының ұшағы апатына байланысты Ресейге қарсы халықаралық деңгейде талап арыз дайындап жатқанын мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары