×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Полиция Жыланбаевтың түрмедегі видеосын жариялады

30.07.2025, 13:21
Полиция Жыланбаевтың түрмедегі видеосын жариялады
Видео кадры

Құқық қорғаушы, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының басшысы Бақытжан Төреғожина марафоншы Марат Жыланбаевтың изолятордағы видеосын жариялап, оның жағдайына алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, видео құқық қорғаушының әкімшілік ісі аясында полициядан алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мараттың жүзі — аштықтың дәлелі»

Бақытжан Төреғожина видеоны көргеннен кейін Марат Жыланбаевтың жағдайының өте ауыр екенін атап өткен.

– Назар аударыңыздар, Мараттың жүзіне қараңыздаршы! Ол арықтап кеткені соншалық – тек жақ сүйегі ғана шығып тұр! Биліктің оның жүзін көрсетуден жалтарып отырғаны осыдан!, – деп жазды құқық қорғаушы.

Ол видеода Марат Жыланбаев таңғы жаттығу жасап жатқанымен, денесінің қатты әлсірегені байқалатынын айтады.

– Марат сәл ғана тұрып, теңселіп кетеді. Оның әбден әлсірегені, терісі мен сүйегі ғана қалғаны анық көрініп тұр. Бұл адам шын мәнінде аштықтан тозғанының айғағы, – дейді Төреғожина.

Аштық жариялағаны туралы

Құқық қорғаушы Мараттың жаттығу жасап жатқанына қарап, оның жағдайын жақсы деп көрсету адасу екенін жеткізді.

– Марат – спортшы. Бүгін оның аштық жариялағанына 56 күн болды. Ол жаттығу жасап жатқанымен, бұл оның денсаулығының мықты екенін білдірмейді! Кәсіби спортшылардың көбі, тіпті мүгедек арбада отырса да жаттығуды тоқтатпайды, – деп жазды ол.

Камера жағдайы мен омбудсменге сын

Бақытжан Төреғожина видеоның тәртіптік изолятор камерасынан түсірілгенін айтып, Маратқа төсек-орын қайтарылғанын байқаған. Бірақ ол камерадағы тазалық пен санитарлық жағдайға да алаңдайды.

– Бұл камерада неге тышқандар мен егеуқұйрықтар жүреді? Оларды қашан шығарасыңдар? – деп сұрақ қойды ол.

Құқық қорғаушы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты да сынға алды.

– ҚАЖК пен омбудсмен Ластаев, масқара! Олар мені хайп жасаушы етіп көрсетуге тырысады! Неге мен сендерден Жыланбаев жайлы ақпаратты тістеп-тістеп сұрап алуым керек?! Неге сендер Мараттың аштық кезіндегі талаптарын ашық айтпайсыңдар? – дейді Төреғожина.

ТҮРМЕДЕГІ СУРЕТТЕР

29 шілдеде Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сарапшылар кеңесінің хатшысы Шер Раиса әлеуметтік желілерде Марат Жыланбаевтың денсаулығына қатысты тараған ақпараттарға байланысты Степногор қаласындағы ІІМ ҚАЖК-нің №4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушымен кездесті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Марат Жыланбаевтың түрмеде ауыр хәлде екені туралы мәлімет тараған еді. Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Жыланбаевтың денсаулығы туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Артынша Жыланбаевтың ұлы әкесінің ісін қайта қарап, жазасын жеңілдетуді талап етті. Сонымен қатар, Жыланбаевқа араша сұраған Бақытжан Төреғожинаның үстінен іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары