×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

АҚШ украиналық босқындарға соғыс аяқталғанша елде қалуға рұқсат бермек

30.07.2025, 15:02
АҚШ украиналық босқындарға соғыс аяқталғанша елде қалуға рұқсат бермек
Getty Images

АҚШ украиналық босқындарға соғыс аяқталғанша елде қалуға рұқсат бермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамп украиналық босқындардың елде қалуына рұқсат беретінін мәлімдеді. Ол бұл шешім Ресей бастаған соғыс аяқталғанға дейін күшінде болатынын айтты.

– Біз солай істейміз. Украинадан көп адам келді, біз оларға көмектесіп жатырмыз, – деді Трамп 30 шілде күні Вашингтонда DW тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

БОСҚЫНДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

Ресейдің Украинаға басып кіруі 2022 жылдың ақпанында басталған соң, АҚШ украиналықтарға Uniting for Ukraine (U4U) бағдарламасы арқылы пана бере бастады. Бұл бағдарлама аясында АҚШ-та демеушісі бар украиналықтарға елге кіруге рұқсат етіледі.

Forbes журналының маусым айындағы дерегінше, аталған бағдарлама арқылы 236 мыңнан астам демеушілік өтініш мақұлданып, АҚШ-қа 187 мыңнан астам украиналық келген.

Алайда 2025 жылдың наурызында, Трамптың екінші президенттік мерзімінің басында Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, АҚШ билігі 2022 жылдан кейін келген 240 мың украиналық босқынның заңды мәртебесінен айыруы мүмкін екенін хабарлаған. Бұл ақпаратты Ақ үй жоққа шығарып, Reuters материалын фейк деп атаған болатын.

Серіктес жаңалықтары