Петропавлдық педагог әлемдік рекордты жаңартуға дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Petropavlovsk.news мәліметінше, Петропавлдағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі саусақпен турникке асылу бойынша әлемдік рекордты жаңартып, енді оны ресми түрде тіркетуге дайындалып жатыр.
Анатолий Висельскийдің көрсеткіші — 1 минут 23 секунд. Осылайша ол ресейлік Рафаэль Кулиевтің 1 минут 15 секундтық нәтижесінен бірден 8 секундқа асып түсті.
– Ресми рекордты не Астанада өтетін алдағы еуразиялық жарыстарда, не өзім жұмыс істейтін мектепте өткізгім келеді. Бұл жолы бәрі ереже бойынша болады: бейнежазба, секундомер, куәгерлер. Мен үшін танымалдықтан бұрын, балаларға еңбек пен табандылық арқылы мақсатқа жетуге болатынын көрсету маңызды. Мұны ақша үшін емес, қызығушылықпен жасап жүрмін. Оқушыларым, қызым, жиенім және басқа да балалар спорттың қызықты екенін көрсе екен деймін. Ең бастысы орныңнан тұрып, әрекеттену, – деді Висельский.
Ол жыл соңына дейін екі бірдей рекорд орнатуды: екі ортаңғы саусақпен асылу және саусақпен турникке тартылуды жоспарлап отырғанын айтты.