×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Ресейде Навальныйдың кітабы экстремистік деп танылды

Бүгін, 08:00
Ресейде Навальныйдың кітабы экстремистік деп танылды
Ашық дереккөзден

Ресейдің әділет министрлігі Алексей Навальныйдың «Патриот» мемуарын экстремистік материалдар тізіміне қосты. Жақындары тыйымға қарамастан кітапты оқуға шақырып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

2024 жылы Литвада жарық көрген Алексей Навальныйдың «Патриот» мемуары Ресей әділет министрлігінің экстремистік материалдар тізіміне енгізілді. Бұл тізім 30 шілдеде жаңартылған. Ал кітапқа тыйым салу туралы шешімді Ленинград облыстық соты 2025 жылдың 9 маусымында шығарған.

«Патриот» — Навальныйдың Германияда, «Новичок» уымен уланғаннан кейінгі оңалту кезеңінде жаза бастаған өмірбаяндық кітабы. Ол колонияда қаза тапқаннан кейін, баспаға дайындау жұмысын оның жұбайы Юлия Навальная аяқтаған. Кітап 2024 жылдың күзінде Еуропада жарық көріп, орыс, неміс тілдері де бар, барлығы 26 тілге аударылған.

ФБК басшысы Иван Ждановтың айтуынша, бұл кітаптың экстремистік деп танылуы «Путин тарапынан күтілетін қадам болған». Ол қазіргі таңда «кітапты оқу қылмыс болып саналмайтынын» атап өтіп, мемуардың электронды нұсқасына сілтеме де жариялаған.

ЖАЗА

РФ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 20.29-бабына сәйкес, тек кітапты таратқаны немесе жаппай тарату мақсатында сақтағаны үшін ғана жаза қарастырылған – бұған айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін.

НЕ ТУРАЛЫ КІТАП

«Патриот» 2024 жылдың басты саяси кітаптарының бірі атанды. Германияда оны атақты Fischer баспасы шығарған. Мемуарда Навальныйдың саясаткер ретінде қалыптасуы, түрмедегі өмірі, улануы мен режимге қарсы күресі баяндалады.

Серіктес жаңалықтары