×
546.36
630.44
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.36
630.44
6.7

Ақтауда бес баланың әкесі суға батқандарды құтқарамын деп өзі мерт болды

Бүгін, 09:42
Ақтауда бес баланың әкесі суға батқандарды құтқарамын деп өзі мерт болды
pixabay.com

Маңғыстау облысында Құрық ауылының тұрғыны Ерлан Шонтабаев Каспий жағалауында үш адамды құтқарамын деп, өзі қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға демалыс күндері Ақтаудың шет жағындағы демалыс базаларының бірінің маңында болған. 39 жастағы Ерлан Шонтабаев достарымен бірге теңіз жағасында демалып жүргенде, суға батып бара жатқан адамдарды байқайды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жағалауда басқа бір топ адам: екі қыз және екі жігіт шомылып жүрген. Қыздар бата бастағанда, жігіттердің бірі суға секіріп, екіншісі көмекке адам шақырған. Осы сәтте Ерлан еш ойланбастан теңізге қарай жүгіріп кеткен.

Ол екі қызды аман алып шығады. Алайда үшінші адамды құтқармақ болғанда, үрейге бой алдырған жігіт Ерланды аяғынан тартып жіберіп, екеуі де суға кеткен.

Құтқарушылардың мәліметінше, қыздар жағаға өз бетімен шыққан, денсаулығы қалыпты. Құтқару қызметі оқиға орнына қайғылы жағдайдан кейін жеткен. Ерлан Шонтабаевтың денесі жағалаудан небәрі 10 метр жерден табылған. Ал 24 жастағы жігіттің денесі бірнеше сағаттан кейін 1,5 метр тереңдіктен шығарылды.

Ерлан артында жұбайы мен бес баласы қалдырды. Ең кенжесінің жасы – үш ай ғана.

Серіктес жаңалықтары