Қазақстанда билеттер қымбаттайды. Үкімет бұған қатысты нақты шара қолданбай отыр, бағаны нарықтың өзі реттейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қазақстандықтарды барлық көлік түрі бойынша билет бағасы қымбаттайды. Бұл жаңа ҚҚС енгізілген салық реформасының салдары.
Мәселе бойынша пікір білдірген премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бағаның күрт өсетінін жоққа шығарды. Алайда нақты сандар келтірмей, баға нарықпен реттелетінін айтты.
– Бұл өсім алғашқыда көрінетіндей үлкен емес. ҚҚС-тың бір бөлігі есепке алынады, сондықтан біз күрт өсімді көріп отырған жоқпыз. Жалпы көлік қызметтері тарифтерінің өсуіне келсек, қазіргі кезде олар төмендеп жатқан елді таба алмайсыз. Airbus A320 ұшағы он жыл бұрын 50 млн доллар тұрса, қазір 70 млн доллардан асады. Қосалқы бөлшектер, авиакеросин де қымбаттады. Бұл теміржол мен автокөлік тасымалына да қатысты. Мемлекеттің міндеті – нарықтық ортаны құру, баға нарықтық әдіспен реттелуі керек, – деді ол.
КОНТЕКСТ
Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда әуе компанияларына толық қайтарымсыз билеттер сатуға рұқсат беретін норманы заңнан алып тастауды жоспарлап отыр.