×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Қаңтар оқиғасында ата-анасынан айрылған оқушыларға грант беріледі

31.07.2025, 19:02
Қаңтар оқиғасында ата-анасынан айрылған оқушыларға грант беріледі
Фото: Ашық дереккөзден

Қанды Қаңтар кезінде ата-анасынан айрылған оқушыларға грант беріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан халқына» қоры жаңа оқу жылына 500 грант бөлді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлады.

Білім беру грантына мына талапкерлер үміткер бола алады:

• ауылдан, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;

• жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;

• мүгедектігі бар азаматтар;

• мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;

• 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;

• Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.

Биыл мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза болған. Оның ішінде 9 адам тергеу изоляторында азапталып өлтірілген.

Серіктес жаңалықтары