×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Путин интернеттен экстремистік материал іздегендерді жазалайтын заңға қол қойды

Бүгін, 10:20
Путин интернеттен экстремистік материал іздегендерді жазалайтын заңға қол қойды
Фото: edu.gov.ru

Ресей президенті Владимир Путин интернеттен экстремистік материалдарды қасақана іздегендерге жауапкершілік жүктейтін заңға қол қойды. Бұдан былай VPN қолданғандар да жауапқа тартылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап интернеттен экстремистік  материал іздегендерге 3-5 мың рубль көлемінде айыппұл салынбақ.

Заңда VPN-ге қатысты жеке пункт бар. VPN-ді жарнамалағандарға 50-80 мың рубль көлемінде айыппұл салынады, лауазымды тұлғаларға – 80-150 рубль, заңды тұлғаларға – 200-500 мың рубль айыппұл қарастырылған.

VPN жағдайды ауырлататын әрекет ретінде саналмақ.

Байланыс министрі Мақсұт Шадаевтың түсіндіруінше, тыйым салынған материалдарды әдейі іздемеген қолданушыларға заңның қатысы жоқ. Әрбір жағдайда әрекеттің қасақана істелгені-істелмегені дәлелденуі керек.

Ресей Украинаға басып кіргелі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік жеті, видео платформалар бұғатталған. Оларға кіру үшін VPN қолдану қажет.

Серіктес жаңалықтары