×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

Қазақстанға Украинадағы соғыстан қанша шығын келген

Бүгін, 12:31
Қазақстанға Украинадағы соғыстан қанша шығын келген
Ашық дереккөзден

Қазақстан соғыстан ең көп зардап шеккен елдердің қатарына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Калифорния университетінің (Беркли) экономистері Юрий Городниченко мен Виттал Васудеван Ресейдің Украинаға басып кіруінің жағымсыз әсерінің ауқымын бағалады. Соғыс тікелей немесе жанама түрде 29 елге әсер еткен, ал олардың экономикалық шығыны 2027 жылға қарай 2,44 трлн долларды құрайды. Бұл сома олардың 2021 жылғы ЖІӨ-нің 44,95%-ына тең.

Сандар

Ең үлкен шығынға батқан ел Ресей, шамамен 1,69 трлн доллар, екінші орында – Украина, шығын көлемі 386 млрд доллар. Алайда ЖІӨ-ге қатысты ең көп шығын Украинада – 193% ЖІӨ, екінші орында Ресей – 92,3% ЖІӨ.

Қазақстан

Кавказ және Орталық Азия елдерінде (Қазақстан, Армения, Грузия, Молдова) ықтимал шығын 10-нан 33%-ға дейін жетеді. Негізгі себеп – сауданың қысқаруы.

Пайда көрген ел

Әзербайжан жалғыз пайда көрген ел болды. Оның ЖІӨ-сі 1,81%-ға өсуі керек (шамамен 994,6 млн доллар). Экономистердің пікірінше, бұл елдің Еуроодаққа энергетикалық ресурстар жеткізудегі маңызды рөлімен байланысты.

Серіктес жаңалықтары