×
540.78
618.65
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.78
618.65
6.71

АҚШ Сенаты Украинаға әскери көмек беру туралы құжатты мақұлдады

01.08.2025, 14:10
АҚШ Сенаты Украинаға әскери көмек беру туралы құжатты мақұлдады
Фото: Reuters

АҚШ Сенаты Украинаға әскери көмек беру туралы құжатты мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

АҚШ Сенатының қаржы бөлу комитеті қорғаныс министрлігінің 2026 жылға арналған бюджетін қабылдады. Құжатқа сәйкес, жылдық бюджет 852 миллиард доллар болмақ. Бұл президент Дональд Трамп сұраған қаржыдан 21,7 миллиардқа көп.

Бұдан бөлек, заң жобасы 800 миллион доллар Украинаға әскери көмек беруді және 225 миллион доллар Балтық елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлуді қарастырады. Бұған дейін Трамп әкімшілігі бұл көмектерді тізімнен алып тастағаны туралы айтылған.

Балтық жағалауы елдеріне ұсынылатын қаражаттың едәуір бөлігі Украинаны қолдауға жұмсалады.

«Мен Украинаның қолдауы миллиард долларды құрайды деп айтар едім», – деді демократиялық партия сенаторы Крис Кунс журналистерге.

USAI аясында бөлінген қаражат Украинаға барлау, оқыту, жабдықтар мен қару-жарақ жеткізіге жұмсалады.

ЗЫМЫРАН ӨНДІРІСІ

31 шілдеде АҚШ Қорғаныс министрлігі Raytheon компаниясымен құны 3,5 миллиард доллар болатын орта қашықтықтағы "әуе-әуе" зымырандарын (AMRAAM) шығару бойынша келісімге келгені белгілі болды. Құжатта зымырандар Украина, Израиль, Литва және Польша сияқты 20-ға жуық елге жеткізілетіні айтылған.

AIM-120 AMRAAM зымырандары көзге көрінбейтін қашықтықтағы әуе нысандарын жоюға арналған. Мұндай зымырандар Украинада арсеналында бар F-16 жойғыш ұшақтарының негізгі қаруы болып саналады.

Серіктес жаңалықтары