×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

Тоқаев БҰҰ үшінші конференциясына қатысады

02.08.2025, 09:07
Тоқаев БҰҰ үшінші конференциясына қатысады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

5 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Аваза қаласында өтетін Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысады. Бұл туралы Ақораданың баспасөз қызметі хабарлады.

КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ

Конференция 2025 жылғы 5-тен 8 тамызына дейін “Аваза” ұлттық туристік аймағында, Түрікменстанда өтеді.

Тақырыбы: Driving Progress through Partnerships («Серіктестік арқылы дамуды жеделдету»).

Біріккен Ұлттар Ұйымы, 32 теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер (LLDCs) мемлекеттері, оларға транзиттік мемлекеттер мен даму серіктестері, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, жеке сектор, ғылыми орта және медиа ұйымдары қатысады.

Серіктес жаңалықтары