Сауда және интеграция министрлігі АҚШ тарапынан енгізілген қосымша тарифтерге қатысты Қазақстанның келіссөздерді жалғастырып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстан АҚШ-қа өзара тиімді сауда әріптестігін дамыту, тұрақты жеткізілімді сақтау және нарыққа әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ресми ұсыныс жолдаған. Бұл құжат 2025 жылғы 2 сәуірде Дональд Трамп қол қойған жарлық пен оның кейінгі өзгерістерін ескере отырып әзірленген.
Екі ел өкілдері сауда-экономикалық мәселелер бойынша кеңейтілген екіжақты диалог аясында ұсыныстарды талқылауды жалғастырып отыр. Қазақстан келіссөздерге ашық әрі конструктивті ұстанымда екенін мәлімдесе, америкалық тарап та диалогты жалғастыруға әзір екенін растаған. Бұл – екіжақты мүддені ескеретін ортақ шешімдерге келуге мүмкіндік береді.
Министрліктің мәліметінше, жаңа тарифтік шаралар Қазақстанның АҚШ-қа экспортының тек 4,8%-на ғана әсер етеді. Ал қалған 95,2% өнім жаңа баж салығынан тыс қалып, бұрынғыдай шектеусіз жеткізіле береді.
Қазақстан АҚШ-қа негізінен келесі тауарларды экспорттайды:
Жаңа баж салығына іліккен өнімдер қатарында:
АНЫҚТАМА
Бұған дейін Дональд Трамп Қазақстаннан келетін бірқатар тауарға 25% көлемінде импорттық баж салығын ресми түрде енгізген еді.