×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Никаб, бетперде, балаклава: Алматы полициясы бет-әлпетті жасыруға қатысты түсінік берді

Бүгін, 10:46
Никаб, бетперде, балаклава: Алматы полициясы бет-әлпетті жасыруға қатысты түсінік берді
Ulysmedia коллажы

Алматыда полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім түрлерін киюге тыйым салу жөніндегі заңнаманы түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаевтың айтуынша, жаңа шектеулердің мақсаты – адамның тұлғасын жылдам әрі нақты анықтауға мүмкіндік жасау.

Бұл шектеуге тек бет-жүзді толық жауып тұратын киімдер жатады. Атап айтқанда, балаклава, маска, никаб сияқты элементтер.

Алайда заңда белгілі бір жағдайларда ерекшеліктер қарастырылған:

  • денсаулық жағдайына байланысты,
  • ауа райының қолайсыздығына орай,
  • қызметтік міндетін орындау кезінде,
  • сондай-ақ бұқаралық іс-шараларға қатысу барысында.

Полиция департаменті барлық қабылданған шара қолданыстағы заңнама аясында және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын сақтай отырып жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

АНЫҚТАМА

2025 жылғы маусымда Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға ресми түрде тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бұл норма құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған заңға енгізілген өзгерістер аясында қабылданған.

Серіктес жаңалықтары