×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Қазақстанда ресейшіл көзқарасымен танылған блогер тұтқындалды – БАҚ

Бүгін, 16:01
Қазақстанда ресейшіл көзқарасымен танылған блогер тұтқындалды – БАҚ
ашық дереккөзден

Қазақстанда "Солтүстік қазақ" лақап атымен танылған ресейшіл блогер Аслан Төлегеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Басылым мәліметінше, блогерге қатысты іс Көкшетауда ұлттық алауыздықты қоздыру бабы бойынша тергеліп жатыр. Ақмола облыстық полиция департаменті мен прокуратурасы бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жүргізіп жатқанын растаған.

АНЫҚТАМА

Аслан Төлегенов — көкшетаулық блогер, интернетте “Солтүстік қазақ” деген атпен танымал. YouTube-те 180 мыңнан астам жазылушысы бар арнаны жүргізеді. Бейнероликтерінде жиі ресейшіл әрі батысқа қарсы пікір білдіреді, қазақстандық белсенділерді сынға алады және “дераусификация” саясатына қарсы ойын ашық айтады.

2025 жылғы шілде айында блогер тікелей эфир барысында бейәдеп сөз айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Серіктес жаңалықтары