×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Шарын ұлттық паркінде қаскөйлер Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып өлтірді

Бүгін, 16:45
Шарын ұлттық паркінде қаскөйлер Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып өлтірді
aviales.kz

2025 жылғы 1 тамызда Шарын ұлттық табиғи паркі аумағында браконьерлік дерегі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ұлттық парктің әкімшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, рейдтік іс-шара барысында автокөліктің жүксалғышынан жабайы жануардың (болжам бойынша қарақұйрық) өлексесі мен 12 калибрлі атыс қаруы табылған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылып, күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі — “Заңсыз аңшылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

АНЫҚТАМА

Қарақұйрық (Gazella subgutturosa) — Орталық Азияның шөлейт және далалық аймақтарында тіршілік ететін, сымбатты денелі, тұяқты жануар. Ол өте жылдам әрі сақ келеді, өсімдікпен қоректенеді және отырықшы өмір салтын ұстанады. Қазақстанның Қызыл кітабына алғаш рет 1978 жылы енгізілген. Түрдің санының азаюына браконьерлік пен табиғи мекендеу ортасының жойылуы себеп болған. Қарақұйрыққа аңшылық жасауға қатаң тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары