×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

"Бұл мазақ қой": Қаскелең тұрғындары электр жарығының жиі өшетініне наразы

Бүгін, 12:05
"Бұл мазақ қой": Қаскелең тұрғындары электр жарығының жиі өшетініне наразы
Pixabay.com

Алматы облысындағы Қаскелең қаласының тұрғындары жарықтың жиі өшетініне шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Шағым әлеуметтік желілерде жарияланды. Желі қолданушылары жауапты электр компаниясына қоңырау шалуға тырысып жатқанын көрсететін видеоны жариялады.

— Қаскелеңде неге жиі жарық сөнеді? Және неге РЭС-ке қоңырау шалу мүмкін емес? Жарық сөнгенде, мобильді байланыс та жоғалып кетеді, — делінген жазбада.

Жазбаның астына ондаған тұрғын пікір қалдырып, бұл мәселенің жиі болатынын айтып отыр:

— Электр желісіне мүлде хабарласа алмайсың. Қаскелеңде электр желісі — жеке мемлекет сияқты.
— Жел сәл ғана соқса — жарықты бірден өшіріп тастайды.
— Кейінгі уақытта жарықты күнде өшіретін болды — Молодежный ықшам ауданы, Оқжетпес көшесі. Неге екенін түсіндірмейді. Жел соқса да, жаңбыр жауса да, тіпті ауа райы ашық болса да — бәрібір сөндіреді, — деп жазып жатыр қала тұрғындары.

Жарияланған сәтте жергілікті қызметтерден ресми жауап берілмеген.

Серіктес жаңалықтары