Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар – IChO, IMO, IPhO, IBO, IGeO, IOL, IOI аяқталды. Бүгін Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады.
Күміс медаль:
Қола медаль:
ОЛИМПИАДА ТУРАЛЫ
Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы бұл беделді жарысқа 1998 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар барлығы 75 медаль жеңіп алды.