×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Трамп түркі елдерін Авраам келісімдеріне қосқысы келеді — БАҚ

Бүгін, 15:10
Трамп түркі елдерін Авраам келісімдеріне қосқысы келеді — БАҚ
Jonathan Ernst/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Әзербайжан мен Орталық Азия елдерін Авраам келісімдеріне қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Times of Israel дереккөздерге сүйене отырып, АҚШ қазіргі таңда ең белсенді келіссөздерді Әзербайжанмен жүргізіп жатқанын жазды. 2025 жылғы наурызда Трамптың бейбіт миссиялар жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Бакуге барып, ел президенті Ильхам Әлиевпен кездескен. Кейін бұл келіссөздерге оның кеңесшісі Арье Лайтстоун да қосылған.

— Дереккөздердің хабарлауынша, осы талқылаулар аясында әзербайжандық тарап Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның да билік өкілдеріне жүгініп, келісімдерді кеңейтуге деген қызығушықтарын сұраған. Алайда Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстан сияқты қай елдердің нақты қатысқаны белгісіз, — деп жазады басылым.

Басылым мәліметінше, Қазақстан және өзге де өңір елдері Израильмен ресми дипломатиялық әрі сауда-экономикалық байланыс орнатқан. Сондықтан Авраам келісімдеріне қосылу — символдық мәнге ие болуы мүмкін әрі қауіпсіздік, технология мен инвестиция салаларында әріптестікті тереңдете түсуге жол ашуы ықтимал.

АНЫҚТАМА

Авраам келісімдері — 2020–2021 жылдары АҚШ-тың делдалдығымен Израиль мен бірнеше араб елі арасында жасалған дипломатиялық уағдаластықтар сериясы. Олар аты затына сай — яғни иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ пайғамбар Авраамның құрметіне аталған. Келісімдер Дональд Трамп әкімшілігінің бастамасымен жүзеге асқан және Таяу Шығыс дипломатиясында үлкен серпіліс болды: ондаған жылдардан кейін бірнеше ел Израильмен қарым-қатынасты ресми түрде қалыпқа келтіруге келіскен. Қазіргі таңда бұл келісімдерге Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Судан және Марокко қосылған. Олар Израильмен толыққанды дипломатиялық, сауда және мәдени байланыс орнатқан.

Серіктес жаңалықтары