×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Жаңбыр, бұршақ, екпіні күшті жел: 4 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 19:00
Жаңбыр, бұршақ, екпіні күшті жел: 4 тамызға арналған ауа райы болжамы
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4 тамыз күні Қазақстанның үш ірі мегаполисі — Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АСТАНА

Елордада – ауыспалы бұлтты, күн жауын-шашынсыз болады. Жел солтүстік-шығыстан, түнде екпіні 3-8 м/с, күндіз — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +18…+20°С шамасында болады.

АЛМАТЫ

Жексенбіге қараған түні – ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды және екпіні күшті жел соғады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +26…+28°С жылы болады.

ШЫМКЕНТ

Жауын-шашынсыз, аздап бұлтты ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 8-13 м/с. Түнгі температура +19…+21°С, күндізгі температура +35…+37°С-қа дейін көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары