Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев жазды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қорды сақтап қалуда негізгі мәселелердің бірі ретінде – Ұлттық компанияларды бейінді министрліктерге беру болып отыр. Алайда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл тетік жемқорлық тәуекелдерін екі есе өсіріп, тиімділікті азайтады. Инвестициялық климатты нашарлатады», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның хабарлауынша, қордың болуының өзі тауарлық кірістерді экономиканың тұрақты болашақ өсіміне айналдырып отыр. Сонымен қатар экономиканың нақты секторына әртараптандыру және инвестициялау арқылы ұлттық байлықты арттыруда нарықтық тәсілдерді қолдануды қамтамасыз етеді. ҚҰБ мен ҚРҰҚ-дан айырмашылығы, валюталық резервтер мен шикізат секторынан түсетін кірістерді негізінен бағалы қағаздарға инвестициялау арқылы консервативті түрде басқарады. Дағдарысқа қарсы басқару мен нарыққа араласу үшін өтімді қаражатты қамтамасыз етуге назар аударады.
«Бұл амал валюта бағамының өсуіне, түсуіне, құбылу циклі ықпалын, шикізат тауарлары бағасының құбылмалылығына азайтып, экономиканы шикізат кезеңінен кейінгі сатыға дайындайды», - дейді ол.
Оның айтуынша, қор келесі функционалдарды өзінде сақтап қалуы керек: