×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Трамп Қазақстанды Израильдің одақтасы жасағысы келеді

Бүгін, 14:20
Трамп Қазақстанды Израильдің одақтасы жасағысы келеді
ulysmedia коллажы

АҚШ Қазақстанды және Орталық Азиядағы өзге де мемлекеттерді Израиль мен бірқатар мұсылман елдері арасында жасалған «Авраам келісімдеріне» қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Авраам келісімдері» — 2020–2021 жылдары, Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде басталған дипломатиялық бастама. Ол кезде төрт мұсылман мемлекеті Израильмен ресми қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге келісім берген болатын. АҚШ бұл процесте негізгі делдал рөлін атқарды.

 Reuters  мәліметінше, Трамп әкімшілігі қазір бұл келісімді кеңейтіп, жаңа қатысушыларды тартуды көздеп отыр. Әзербайжан — тізімдегі бірінші үміткер. Бірақ  Қазақстан да назарда тұр.

«АҚШ-тың бастамасымен әзірбайжандық лауазымды тұлғалар Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен байланысып, олардың Авраам келісіміне мүше болуға деген ықыласын бағамдаған. Бұл тізімде нақты қай мемлекеттердің бары әзірге белгісіз, бірақ Қазақстан соның ішінде», - деп жазады Reuters.

Орталық Азия елдерінің Израильмен дипломатиялық және сауда байланыстары бұрыннан бар. Сондықтан олар үшін бұл келісімге қосылу – тек формалды қадам ғана болуы мүмкін. Алайда Вашингтон үшін бұл қадам Сауд Арабиясына саяси қысым көрсету тетігі ретінде қарастырылып отыр.

АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл бастамаға қай елдердің тартылатыны туралы нақты ақпарат бермеді. Дегенмен, Дональд Трамптың сыртқы саясатындағы басты басымдықтардың бірі – Авраам келісімін кеңейту екенін растады.

«Авраам келісімдері» — Израиль мен мұсылман елдері арасындағы бейбіт келісімдер. Бұл атау еврей, мұсылман және христиан діндері үшін ортақ тұлға — Ибрахим (Авраам) пайғамбардың құрметіне берілген.

Серіктес жаңалықтары