×
543.24
619.89
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
543.24
619.89
6.78

Премьер-министр төңірегіндегі даудан кейін Литва үкіметі отставкаға кетті

Бүгін, 15:30
Премьер-министр төңірегіндегі даудан кейін Литва үкіметі отставкаға кетті
Фото: РИА

Премьер-министр төңірегіндегі даудан кейін Литва үкіметі отставкаға кетті,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Литва министрлер кабинеті бұндай шешімді премьер-министр Гинтаутас Палуцкастың отставкаға кеткені туралы хабардан кейін қабылдады.

– Отставкаға кету туралы дүйсенбіде Үкімет отырысында ресми түрде жарияланды, – делінген Литва министрлер кабинетінің сайтында жарияланған хабарламада.

Литва заңы бойынша, премьер-министр отставкаға кеткен жағдайда министрлер кабинеті тарауы тиіс. Үкімет отсавкасы президенттің шешімімен жүзеге асырылады.

КОНТЕКСТ

31 шілдеде президент Гитанас Науседа премьер-министр Гинтаутас Палуцкас отставкаға кетіп, Социал-демократиялық партия төрағалығынан кетеді деп мәлімдеген. Бұл туралы Коммерсант басылымы жазған. Бұндай шешім премьер-министр өз өкілеттілігін отбасылық бизнесін дамыту мақсатында пайдаланды деген даудан кейін қабылданған. Палуцкас өзінің партияластарына жазған хатында тағылған айыпты мойындамаған. Ол өзінің отставкасын отбасы мен партияластары даудың құрбаны болмас үшін жаған қадам деп атады.

 

Серіктес жаңалықтары