×
541.82
627.1
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.82
627.1
6.78

Украинада Луганск облысының бұрынғы губернаторы ұсталды

Бүгін, 13:46
Украинада Луганск облысының бұрынғы губернаторы ұсталды
Фото: Сергей Гайдайдың TELEGRAM арнасынан

Украинада Луганск облысының бұрынғы губернаторы Сергей Гайдай жемқорлық дерегі бойынша ұсталды. Бұл туралы елдің Ұлттық антикоррупциялық бюросы мен Арнайы антикоррупциялық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, Гайдай 2024 жылы дрондар мен әскери техника сатып алу кезінде мемлекеттік қаражатты мақсатсыз жұмсауға қатысы бар деген күдікке ілінген. Айыптауға сәйкес, кейбір келісімшарттарда бағаның 30%-ға дейін негізсіз көтерілгені анықталған.

4 тамызда Украина Жоғарғы антикоррупциялық соты экс-губернаторды 60 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, оған 10 миллион гривен көлемінде кепілмен босау мүмкіндігі берілген.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазірше Гайдайдың елден шығуына және іске қатысы бар тұлғалармен байланысуына тыйым салынған.

Гайдай өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол «ешқайда қашпаймын, іс аяқталған соң соғысқа барамын» деді.

Серіктес жаңалықтары