×
541.82
627.1
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.82
627.1
6.78

Молдова соты ресейшіл Гагаузия басшысы Евгения Гуцулды соттады

Бүгін, 18:44
Молдова соты ресейшіл Гагаузия басшысы Евгения Гуцулды соттады
Фото: РИА Новости

Молдова соты ресейшіл Гагаузия басшысы Евгения Гуцулды жеті жылға соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кишинев соты Гагауз автономиясының басшысы Евгения Гуцулға қатысты айыптау үкімін шығарды. Сот Гуцулды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Молодваның NewsMaker басылымның мәліметінше, Евгения Гуцулға саяси партия заңсыз қаржыландырды деген айып тағылған. 5 тамызда өткен сот отырысында Гуцулдан өзге ресейшіл «Шор»партиясының бұрынғы хатшысы Светлана Попан 6 жылға сотталды.

Гуцул мен Попан сот залында қамауға алынған. Прокуратура Гуцулды 9 жылға, Попанды 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Гуцулдың жақтастары үкім жарияланған уақытта оны қорғау үшін наразылық акциясын өткізген.

Ресейшіл саясаткер Евгений Гуцул 28 наурыздан бастап сайлау қорларын басқару тәртібін бұзу және құжаттарды қолдан жасау ісі бойынша қамауға алынған. Бастапқыда ол Кишинев әуежайында 72 сағатқа ұсталған. Тұтқындалғаннан кейін Гуцул Ресей және Түркия президенттерінен көмек сұраған. "Сізден ұлы державаның көшбасшысы және халықтар құқығының тарихи қорғаушысы ретінде Кишиневке қысым жасаудың барлық дипломатиялық және саяси тетіктерін, менің дереу босатылуымды талап етулеріңізді сұраймын", - деп жазды ол Путинге жазған үндеуінде.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019-2022 жылдары Гуцул қазір Молдовада тыйым салынған кәсіпкер Илан Шордың «Шор» партиясының хатшысы болып қызмет атқарған. Сол уақытта Ресейде ұйымдасқан қылмыстық топтан алған ақшаны елге кіргізген.

Евгения Гуцул Гагаузияны 2023 жылдың шілдесінен бастап басқарады. 2024 жылдың қазан айында ЕО Кеңесі оған және Молдованы тұрақсыздандырғаны үшін тағы бірнеше адамға санкция салды.

Серіктес жаңалықтары