×
537.53
620.52
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.53
620.52
6.71

Өзбекстан 90 күннен артық шетелде болған азаматтарды ВИЧ-ке тексермек

Бүгін, 08:00
Өзбекстан 90 күннен артық шетелде болған азаматтарды ВИЧ-ке тексермек
Фото:Sputnik

Өзбекстан парламенті елден тыс жерде 90 күннен артық болған өзбекстандық азаматтар мен елге келген шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды ВИЧ-ке тексеруді міндеттейтін заңжобасын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жаңа заңның талаптары шетелде тұратын немесе сонда 90 күннен артық жүрген Өзбекстан азаматтарына (18 бен 60 жас аралығындағы), шетел азаматтарына және Өзбекстанда тұратын азаматтығы жоқ адамдарға міндетті.

Тексеру түрлі көзден қаржыландырылады: Өзбекстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Шетел азаматтары мен еңбек мигранттары өз қалтасынан немесе жұмыс берушісінің есебінен немесе заңға қайшы келмейтін өзге көзден төлейді.

Заң бойынша, ВИЧ пен туберкулез аурулары анықталған шетел азаматына Өзбекстан аумағында жұмыс істеуге рұқсат берілмейді.

Парламент дерегінше, 2024 шетелде ұзақ уақыт болып оралған 1,7 млн өзбекстандық азаматтың 434 мыңы (25 пайыз) ВИЧ тестінен өз еркімен өткен. Оның ішінде 1512 адамнан адамның иммун тапшылығы вирусы анықталған. Сондай-ақ өз еркімен анализ тапсырған 12,7 мың шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның ішінде 81 адамнан ВИЧ табылған.

Сенаттың мәлімдеуінше, бұл ерікті тексерудің нәтижесі ғана, міндетті тексеру одан да көп ауруду анықтауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары