×
537.53
620.52
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.53
620.52
6.71

Сырский: Ресей 2025 жылдың соңына дейін тағы 10 жаңа дивизия жасақтауды көздеп отыр

Бүгін, 09:01
Сырский: Ресей 2025 жылдың соңына дейін тағы 10 жаңа дивизия жасақтауды көздеп отыр
Фото: РБК Украина

Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырский Ресей Федерациясының әскери әлеуетін ұлғайтуға бағытталған жоспары туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей 2025 жылдың соңына дейін тағы 10 дивизия құруды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Ресей Федерациясы 2025 жылдың соңына дейін 10 жаңа дивизия құруды жоспарлап отыр. Оның ішінде екеуі қазірдің өзінде құрылған, қалған сегізі жылдың соңына дейін жасақталады», – деді Сырский.

Сырскийдің айтуынша, Ресей ай сайын шамамен 30–35 мың адамды мобилизация арқылы әскер қатарына қосып жатыр. Бұл — соғыстағы шығындарды өтеуге және жаңа бөлімшелерді жасақтауға мүмкіндік беретін тұрақты резерв.

Сондай-ақ, Сырский Ресейдің жаңа дивизиялармен бірге жаңа шабуыл әрекеттерін бастауға ниетті екенін жоққа шығармайды.

Украина жауабы қандай болмақ

Украина Қарулы күштері қазіргі жағдайда әуе барлауын, дрон технологияларын жетілдіріп, жауынгерлік даярлықты күшейтуді жалғастырып жатыр.Сонымен қатар, Сырский қосымша мобилизациялық дайындық пен ресурстарды тиімді бөлу арқылы ресейлік шабуылдарға төтеп беру керектігін айтты.

«Бізге қарсы тұрған жау әлсіз емес. Ол қателесіп, шығынға ұшырап жатса да, күш жинап, қайта соққы жасауға дайын. Сондықтан бізге бір сәтке де босаңсуға болмайды», – деді Сырский.

Серіктес жаңалықтары