×
536.58
622.75
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.58
622.75
6.71

«Сен сұлусың»: Руслан Берденовтің Ернар Жиембайдың әйеліне айтқан сөздері жарияланды

06.08.2025, 15:43
«Сен сұлусың»: Руслан Берденовтің Ернар Жиембайдың әйеліне айтқан сөздері жарияланды
ulysmedia коллажы

«Шымкент әкімінің орынбасарына «қастандық ісінде» сотталушы Ернар Жиембайдан жауап алу басталды. Ол Берденовке не себепті оқ атқанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызғаныш

«Себептердің бірі - қызғаныш. Жұбайым Берденовтің туыстарымен араласады және үнемі оны үлгі ететін. «Оның бұлшықеттері бар, костюмі қандай әдемі, қымбат» деп. Жұмыста да үнемі қысым жасалатын, намысқа да тиді. Жұбайым ажырасамын деп сотқа арыз түсірді. Берденов оған үнемі лайк басатын. Комплимент жазды» деді Ернар Жиембай сотта.

— Бір күні әйелімнің телефонына «Сен сұлусың» деген хабарлама келді. Ол хабарламаны Берденов жіберіпті. Кейін суретіне лайк қойғанын да көрдім, - деді ол сотта.

«Балағат сөз айтты»

Сөзінше, оқиға болғанға дейін Берденов намысына тиетін сөз айтқан.

– Ол [Берденов] “әйелің жезөкше, жәләп болады. Балаң жетім болады” деген сөздер [айтты]. Одан кейін жеке басыма қатысты, “шашың неге түсіп қалған? Мұрын боқ, менімен төбелескің келіп тұр ма? Әйеліңе ..... тұрмайды” деген сөз менің жүйке жүйемді үзді деп айтсам болады, – деді Ернар Жиенбаев сотта берген жауабында.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 21 сәуірде сотталушы Ернар Жиембай Шымкент қаласы құрылыс басқармасының салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізу бөлімінің бастығынан ақпарат алған. Ол Жиембайға әкімнің орынбасары Руслан Берденовтің нұсқауы бойынша «Тұрғынүй Шымкент» ЖШС басшысы қызметінен өз еркімен кетуі керектігін айтқан.Осыдан кейін «кек алу» мақсатында оған қарсы оқ атқан.

Шымкент әкімінің орынбасары 40 жастағы Руслан Берденовке сәуір айында «қастандық жасалып», оқ тиген шенеунікке шұғыл ота жасалған еді. Оқиғаға не түрткі болғаны белгісіз.

Мамыр айында Берденов жағдайы тәуірлеп, қалыпты өмірге дайын екенін мәлімдеген. Маусымның соңында Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары