×
537.53
620.52
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.53
620.52
6.71

Трамптың арнайы өкілі Уиткофф Путинмен кездесті

Бүгін, 17:23
Трамптың арнайы өкілі Уиткофф  Путинмен кездесті
Фото: ТАСС

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай.
Уиткоффтың Путинмен кездескені туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін Ресейдің мемлекеттік телеарналары оның Ресей президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриевпен кездескенін көрсеткен.

Уиткофф осымен бесінші рет Мәскеуге барды. Ол Мәскеуге Дональд Трамптың Ресейге атысты тоқтату туралы қойған ультиматумы аяқталар тұста барып отыр. Трамп Кремльге 8 тамызға дейін уақыт берген. Атысты тоқтатпаған жағдайда Ресеймен сауда-саттық жасайтын елдердың тауарларына жүз пайыздық баж салығын салатынын ескерткен.

Трамптың ультиматумы

Трамп сейсенбіде журналистерге түпкілікті шешім Уиткофф Мәскеуден оралғаннан кейін қабылданатынын айтқан. Ол Украинадағы соғысты тоқтатуға әлі де үмітті.

«Кейінгі бес айда бес соғысты тоқтаттым. Алтыншысы осы боларын қалап едім», – деді ол журналистерге.

АҚШ Ресей мен Украинадан атысты ешқандай шартсыз тоқтатуды талап етіп келеді. Украина президенті Владимир Зеленский оған дайын екенін айтқан. Ресей атысты тоқтату үшін бірқатар талап қойған. Оның ішінде атыс тоқтаған уақытта Украинаға қару-жарақ жеткізбеу туралы да талап бар.

Сарапшылар Владимир Путин Ресей әскері кірген Украина аумақтарын толықтай басып алмайынша соғысты тоқтатпайды деген пікір айтқан.

Серіктес жаңалықтары