АҚШ президенті Дональд Трамп Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан басшысы Илхам Әлиевпен кездесетін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай.
Euronews мәліметінше, Дональд Трамп Илхам Әлиев пен Никол Пашинянды Вашингтонда қабылдайды. Олар бейбіт келісімге келгендері туралы мәлімдеуі мүмкін. Бұл ақпаратты Армения үкіметі де растады.
«Вашингтонда премьер-министр Пашинян Армения мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін АҚШ президенті Дональд Трамппен екіжақты кездесу, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамппен және Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевпен аймақтағы бейбітшілікті, өркендеуді және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету үшін үшжақты кездесу өткізеді», - делінген Армения үкіметі таратқан мәлімдемеде.
Ақпаратқа қарағанда кездесу 7-8 тамызда өтеді.
Бұған дейін үш жақты кездесу туралы The Washington Post газеті дереккөздеріне сүйеніп жазған. Басылым Трамп Ереван мен Баку арасындағы ұзақ жылға созылған қақтығыста бейбіт келісімге келуге мұрындық болуға тырысады деген.