Тәуелсіз журналистер Лұқпен Ахмедияров пен Рауль Упоров «Просто журналистика» You Tubeарнасы қайтарылғанын хабарлады. Бұған дейін арнаға кибершабуыл жасалып, жабылып қалған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мән-жай.
Журналистер Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Орда ауданында жүргендерін айтып, видео жариялады. Онда олар деректі фильм түсірілімі аяқталатынын айтып, жабылып қалған “Просто журналистика” арнасының қайтадан ашылғанын мәлімдеді.
«Просто журналистика» – Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоровтың коммерциялық емес жобасы. Ол өзекті қоғамдық-саяси мәселелерді қозғайды. Бұған дейін арна Қанды Қаңтар, жемқорлық, Украина Ресей жағында соғысып жүрген қазақстандықтар, белсенділердің қудалануы және өзге де маңызды тақырыптарды қозғаған.
18 шілдеде Лұқпан Ахмедияров әлде кімдердің авторлық құқыққа қатысты шағымынан кейін YouTube әкімшілігі арнаны жауып тастағанын айтқан. Ол мұны ұзақ уақыттан бері арнаға және өзіне қарсы жүргізіліп келе жатқан кибершабуылдармен байланыстырған.
Бұған дейін Лұқпан Ахмедияровтың үсінен қылмыстық іс қозғалған. Кейіннен журналистің үстінен арыз жазған оралдық әйел шағымды полицияның қысымынан кейін бергенін айтқан. Ахмедияров өзіне жасалып жатқан қысымды журналистік қызметімен байланыстырады.