×
536.58
622.75
6.71
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
536.58
622.75
6.71

Сорбұлақ көлінің жартысы ғана зерттелген: жоғалған тікұшақты әлі іздеп жатыр

Бүгін, 14:30
Сорбұлақ көлінің жартысы ғана зерттелген: жоғалған тікұшақты әлі іздеп жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Сорбұлақ көлі маңында жоғалған әскери тікұшақты әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әскери тікұшақтың жоғалғанына екі апта болды. Осы уақыт ішінде көлдің тек 50%-ы ғана зерттелген. Төтенше жағдайлар министрі Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, су тереңдігі 25 метрге дейін жетеді. Ізестіру жұмыстарына кедергі көп.

«Батпақтан көл түбі көрінбейді, айналада қамыс көп. Осының барлығы іздеу жұмыстарын қиындатып отыр», - дейді ол

Дегенмен мамандар техниканың көмегімен әрбір метрді сүзіп шығып жатыр.

25 шілдеде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы жоғалып кеткен. БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, тікұшақ бортында үш адам болған. Кейін олардың Амангелді Аман, Ержігітов Бақтияр және Уйсенбаев Нұржігіт екені айтылған.

Серіктес жаңалықтары