×
539.38
629.46
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.38
629.46
6.76

АҚШ Мадуроны ұстаған адамға 50 млн доллар сыйақы ұсынды

Бүгін, 14:44
АҚШ Мадуроны ұстаған адамға 50 млн доллар сыйақы ұсынды
Фото: AFP

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроны тұтқындауға көмектескен адамға 50 миллион доллар көлемінде сыйақы беруге дайын екенін жариялады. Бұл АҚШ тарихында ұсынылған ең жоғарғы сыйақылардың бірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, бұл қадам Венесуэладағы демократияны қалпына келтіру және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр.

АҚШ-та Мадуроға есірткі саудасы, халықаралық қылмыстық топтармен байланыс және жемқорлық бойынша айыптар тағылған.
Вашингтон оны «есірткі диктаторы» деп атап, АҚШ-қа заңсыз есірткі жеткізуді ұйымдастырды деп айыптаған.

Мадуро бұл айыптауларды саяси қысым және АҚШ-тың Венесуэланың ішкі ісіне араласуы деп бағалап, оларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Контекст

2020 жылы АҚШ Николас Мадуро мен Венесуэланның бірқатар лауазымды шенеуніктеріне қатысты айыптауларды Дональд Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде таққан. Ол кезде оны ұстауға көмектескен адамға 15 миллион доллар көлемінде сыйақы белгіленген.

АҚШ Әділет министрлігінің дерегінше, Мадуро «Күн картелі» (Cártel de los Soles) деп аталатын есірткі тобына жетекшілік еткен. Бұл картель соңғы 20 жыл ішінде АҚШ-қа жүздеген тонна есірткіні заңсыз жеткізіп, жүздеген миллион доллар пайда тапқан.

 

Серіктес жаңалықтары