×
539.38
629.46
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.38
629.46
6.76

Тоқаев пен Путин телефонмен сөйлесті

Бүгін, 15:23
Тоқаев пен Путин телефонмен сөйлесті
Фото: Akorda

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

«Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.Владимир Путин таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді», –делінген Ақорда таратқан ақпаратта. 

Бұдан бөлек, президенттер алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесін талқылаған.

Кремльдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Путин Тоқаевқа қоңырау шалған.

«Владимир Путин Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей-Қазақстан одақтастық және стратегиялық әріптестік қатынастары рухында Украина дағдарысын реттеу мәселелері бойынша Вашингтонмен диалог барысы туралы, оның ішінде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффпен жақында болған кездесудің негізгі қорытындылары туралы айтып беру үшін қоңырау шалды», – делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

6 тамызда Мәскеуде Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффты қабылдаған. Осыдан кейін тараптар Трамп пен Путин алдағы аптада кездесуі мүмкін екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары