×
539.38
629.46
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.38
629.46
6.76

Израиль Газаны толықтай бақылауға алу жоспарын мақұлдады

Бүгін, 16:16
Израиль Газаны толықтай бақылауға алу жоспарын мақұлдады
Фото: UNICEF/Э.Эль-Баба

Израильдің Қауіпсіздік кабинеті ХАМАС-ты жою және Газаны бақылауға алу жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

8 тамызда Израильдің Қауіпсіздік кабинеті Палестинаның радикалды исламшыл қозғалысы ХАМАС-ты толық жою және Газа қаласын бақылауға алу жөніндегі жоспарды ресми түрде мақұлдады. Бұл бұл жөнінде AP және Reuters агенттіктері хабарлады.

Бұл халықаралық қауымдастықтың соғысты тоқтату жөніндегі үндеулеріне, сондай-ақ Израиль халқының арасында тұтқындардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп жатқан наразылықтарға қарамастан қабылданған шешім.

Нетаньяху мәлімдемесі

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында Израильдің бүкіл Газа секторын бақылауға алуға ниетті екенін мәлімдеген болатын.

«Біздің мақсатымыз – ХАМАС-ты толығымен жою және Израильге төнетін кез келген қауіптің алдын алу үшін Газаны бақылауға алу», – деді ол.

Қазіргі уақытта Израиль әскері анклавтың шамамен 75%-ын бақылауға алған.

Халықаралық қысым мен ішкі қарсылық

Көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар гуманитарлық апатты болдырмауға шақырып, соғыс қимылдарын тоқтатуға үндеген. Сонымен қатар, Израиль азаматтарының бір бөлігі ХАМАС ұстап отырған тұтқындардың өміріне қауіп төніп тұр деп алаңдаған.

Серіктес жаңалықтары