×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Пашинян мен Әлиев Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына бірлесіп ұсынбақ

Бүгін, 09:02
Пашинян мен Әлиев Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына бірлесіп ұсынбақ
asbarez.com

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына бірлесіп ұсынбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Екі елдің басшысы бұл туралы 8 тамызда Ақ үйде өткен бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

— Біз бұл бастаманы белсенді түрде ілгерілетеміз. Сіз сыйлықты алған кезде бізді де салтанатты рәсімге шақырасыз деп үміттенемін, — деді Пашинян Трампқа қарата.

Әлиев әріптесін қолдап, бұған дейін бейбітшілік сыйлығы одан да қарапайым жетістіктер үшін берілгенін атап өтті.

КОНТЕКСТ

Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев АҚШ-тың араағайындығымен Ақ үйде бейбітшілік келісіміне қол қойды.

Құжатта әскери қимылдарды толық тоқтату, дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру, Әзербайжан мен Нахчыван арасындағы көлік дәлізін Армения аумағы арқылы ашу және оны америкалық консорциумның бақылауына беру, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Минск тобының таратылуы және АҚШ-тың Бакумен әскери ынтымақтастыққа қатысты шектеулерін алып тастау қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары