×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Тоқаев: Әзербайжан мен Армения уағдаластығына Қазақстан да үлес қосты

Бүгін, 09:31
Тоқаев: Әзербайжан мен Армения уағдаластығына Қазақстан да үлес қосты
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Тоқаевтың пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.

Президент Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.

Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматыны ұсынды.

Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Дональд Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына бірлесіп ұсынбақ екенін жазған едік.

Серіктес жаңалықтары