×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Трамп Путинмен 15 тамызда Аляскада кездеспекші

Бүгін, 10:13
Трамп Путинмен 15 тамызда Аляскада кездеспекші
Фото: Evan Vucci/AP Photo/dpa/picture alliance

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөздер 2025 жылғы 15 тамызда Аляска штатында өтетінін мәлімдеді. Ол бұл кездесуді "көптен күткен" деп атап, толығырақ мәліметті кейін беретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Мәскеу мен Вашингтон алдағы күндерді саммиттің саяси және практикалық аспектілерін пысықтауға арнайды.

– Бұл, шамасы, оңай процесс болмайды, бірақ біз бұл іспен белсенді әрі қарқынды айналысамыз, – деді ол.

Ушаковтың сөзінше, келіссөздердің негізгі тақырыбы Украинадағы қақтығысты ұзақмерзімді реттеу болмақ. Аляскадағы кездесуден кейін Путинді АҚШ-та қабылдауы мүмкін, ал келесі саммитті Ресейде өткізу ұсынылған — тиісті шақыру да жолданған.

Бұған дейін Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеспесе де, Путинмен келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеген.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт саммитке дайындықтың жалғасып жатқанын және егжей-тегжейдің нақтыланып жатқанын айтты.

Серіктес жаңалықтары