×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Әлиев пен Пашинян АҚШ-та бейбіт келісімге қол қойды

Бүгін, 10:33
Әлиев пен Пашинян АҚШ-та бейбіт келісімге қол қойды
Mark Schiefelbein/AP Photo/picture alliance

Армения мен Әзербайжан басшылары Дональд Трамптың араағайындығымен Ақ үйде бейбіт келісім жасасты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

8 тамыз күні Ақ үйде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян соғыс қимылдарын толық тоқтату туралы келісімге қол қойды.

Рәсімге АҚШ президенті Дональд Трамп қатысып, саммит аясында өтті. Трамптың айтуынша, бұл сәт екі ел қарым-қатынасында бетбұрыс болды:

“Бұл – ұзақ уақыт, 35 жыл бойы олар соғысты, ал енді олар дос. Және олар ұзақ уақыт дос болып қалады”.

Құжатқа сәйкес, Армения мен Әзербайжан әскери қимылдарды мәңгілікке тоқтатып, сауда, туризм және дипломатиялық байланыстарды жолға қояды, сондай-ақ бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындайды.

Трамп Әзербайжанмен әскери ынтымақтастыққа қатысты шектеулердің алынып тасталатынын да мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл келісім оны Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық деп санайтын бастамалар қатарын толықтырады:

– Көп лидер соғысты тоқтатуға тырысты, бірақ ТРАМП-тан басқа ешкімнің қолынан келмеді, – деп жазды ол Truth Social желісінде.

Әлиев Пашинянмен бірге Нобель комитетіне бірлескен өтініш жасау мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты: “Мүмкін біз премьер-министр Пашинянмен бірлескен өтініш жолдау туралы келісерміз…”.

Пашинян бұл пікірді қолдап:

— Меніңше, президент Трамп Нобель бейбітшілік сыйлығына лайық, біз бұл ұстанымды қорғаймыз және ілгерілетеміз, — деді.

Еске салайық, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайтынын айтқан еді.

Тоқаевтың пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.

Президент Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.

 

Серіктес жаңалықтары