×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Тоқаев Сингапур президентіне жеделхат жолдады

Бүгін, 11:30
Тоқаев Сингапур президентіне жеделхат жолдады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

– Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін. Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, былтыр Қазақстан Сингапурмен сауда және инвестициялар жөніндегі келісімді ратификациялады.

Серіктес жаңалықтары