×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

АЭС құрылысы: Бектенов "РосАтом" басшысымен кездесті

Бүгін, 13:40
АЭС құрылысы: Бектенов "РосАтом" басшысымен кездесті
Pixabay.com

Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов "Росатомның" бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

“Росатом” корпорациясының басшысы Олжас Бектеновке Алматы облысында алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастаудың ресми түрде іске қосылғанын жеткізді.

НЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ?

Кездесу барысында қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін қамтамасыз ету тетіктері, отандық жабдықтар мен материалдарды пайдалану, кадрлық әлеуетті тарту және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ядролық-отын циклі процестерін жергіліктендіру тақырыбы қозғалды.

Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік жетекші серіктестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың практикалық қырлары қарастырылды. Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС құрылысы президенттің тікелей бақылауында екенін атап өтіп, үкімет жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қолдау көрсететінін айтты.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, күні кеше Алматы облысында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы (АЭС) құрылысын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті.

МАГАТЭ талабына сәйкес, станцияны қызмет көрсетумен қамтамасыз ету үшін 1 500-ге дейін маман қажет болады. Нысанды “Росатом” басқаратын консорциум шамамен 14 млрд АҚШ долларына салмақ. Ал екінші АЭС-ті салу бойынша консорциумның жетекшісі – Қытай.

Серіктес жаңалықтары