×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

Үш әуе компаниясы бортта пауэрбанктерді пайдалануға тыйым салды

Бүгін, 17:53
Үш әуе компаниясы бортта пауэрбанктерді пайдалануға тыйым салды
Pixabay.com

Emirates, Turkish Airlines және Pegasus Airlines әуе компаниялары ұшу кезінде пауэрбанктерді пайдалануға тыйым енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жолаушыларға пауэрбанктерді ұшақ салонына алып кіруге бұрынғыдай рұқсат етіле береді, алайда гаджеттерді қуаттау немесе аккумуляторды ұшақ желісіне қосу енді мүмкін болмайды.

Сондай-ақ, әуе компаниялары құрылғылардың саны мен қуаттылығына шектеу қойды.

Emirates тек бір пауэрбанк алуға рұқсат береді, оның сыйымдылығы 100 Вт⋅сағ-тан аспауға тиіс, ал Turkish Airlines пен Pegasus — 160 Вт⋅сағ-қа дейін рұқсат етеді. Оларды жүк сөрелерінде сақтау тыйым салынған — құрылғы қол жүгінде немесе орындық қалтасында болуы қажет.

СЕБЕБІ НЕ?

Тасымалдаушылардың түсіндіруінше, бұл шара ұшулардың қауіпсіздігін арттыру және борттағы өрт қаупін азайту үшін қабылданған.

 

Серіктес жаңалықтары